Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция павлодарлықтарды қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады

Полиция павлодарлықтарды қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өкінішке қарай, кейбір тұрғындар қоқысты арнайы контейнерге тастауға ерініп, көшеге немесе кіреберіске лақтырып кетеді. Бұған жол бермеу үшін полицейлер қоғамдық орындарды қадағалап, құқық бұзушыларға шара қолдануда.

Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, абаттандыру ережелерін алғаш рет бұзғандарға ескерту жасалады. Алайда қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға – 20 АЕК, ал кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Жақында Павлодар қаласындағы М. Жүсіп көшесінің тұрғындары терезеден қоқыс пен әйнек салынған пакеттерді лақтырған көршілеріне шағымданды. Ал Толстой көшесінде қонаққа келген бір азамат кіреберісте қоқыс қалдырып кеткен. Бұл әрекеттер тұрғындардың наразылығын тудырды. Нәтижесінде абаттандыру ережелерін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапқа тартылды. Полицейлер тұрғындарды заң бұзбауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтар туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады. Әрбір құқық бұзушы өз әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру