Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Қонаевта мас күйінде көлік жүргізген әйелді ұстады

Қонаев қаласында полиция қызметкерлері масаң күйде көлік басқарған әйелді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кезекті рейд барысында тіркелді.

Тексеру кезінде анықталғандай, ұсталған азаматша бұған дейін де жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Соған қарамастан, ол тағы да көлік тізгіндеп, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

– Ұсталған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ол қамауға алынды, – дейді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдарының өкілдері көлікті мас күйде басқару заң талаптарын елеусіз қалдыру ғана емес, сонымен қатар, жол қозғалысына қатысатын басқа адамдардың өміріне де қатер төндіретін ауыр қылмыс екенін ескертеді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жол қауіпсіздігі мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы жауапкершілік – әркімнің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру