Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Қостанайдағы қауіпті ойын-сауық орындарын атады

Полиция Қостанайдағы қауіпті ойын-сауық орындарын атады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында түнгі клубтар, барлар мен дәмханалар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынды. 2024–2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында полиция "102" арнасына түскен шағымдар мен хабарламаларды талдап, қауіпті нысандар тізімін жасады.

Биылғы жылдың 10 айында ең көп шағымдар Қостанай қаласынан түскен. Мысалы Баймағамбетов көшесіндегі "Нехабар" клубына 71 шақырту, "Панаехали" барына 53, Қайырбеков көшесіндегі "Волна" барына 37 хабарлама тіркелген. Рудный қаласындағы "Джага-Джага" дәмханасына 29 шағым түсті. Шағымдар негізінен төбелес, жанжал, тәртіпсіз мінез-құлық, мүлікке зақым келтіру және полицияға бағынбау фактілеріне қатысты.

Қауіпті нысандар рейтингі соңғы үш айдағы арыздар санына қарай жасалады: 10–50 шағым – қалыпты қауіп, 50 және одан жоғары – орта және жоғары қауіп деңгейі. Осы критерий бойынша "Нехабар", "Панаехали", "Волна" және "Джага-Джага" нысандары қалыпты қауіп деңгейінде деп танылды.

Полицияның басты мақсаты – бизнестің жұмысын тоқтату емес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тұрғындар қауіпті жағдайларды байқаса, "102" нөміріне хабарласып, оқиғаның фото немесе бейне дәлелін тіркей алады.

Полиция, қоғам және кәсіп иелерінің бірлескен әрекеті ғана түнгі демалыс мәдениетін жақсартып, қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру