Полиция қызметкері Арқалықта 5-қабаттан құлаған қызды қалай құтқарғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді
Полиция қызметкері Арқалықта 5-қабаттан құлаған қызды қалай құтқарғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД қызды құтқару кезіңде аяғын жарақаттап алған Арқалық қаласының полиция қызметкері Алмат Әмірханов қазір ауруханада ем алып жатқан туралы хабарлады. Бүгінгі таңда ол да, қыз да өзің жақсы сезінеді. Полиция қызметкері 7 қаңтар күні таңертең болған оқиғаны еске алып, ауыр жарақаттардан аман қалғанын айтты. 7 қаңтарда таңғы сағат 05.30 шамасында жедел басқару орталығына қыздың балконнан құлағаны, бірақ қоршауға ілініп үлгергені туралы хабарлама келген.
– Біз бірден мекенжайға бардық. Менің серіктесім Руслан Капсаматов бесінші қабатқа көтерілді. Мен төменде қалдым. Қызды балконға тартуға немесе құлаған кезде сақтандыруға көмектесу үшін тез әрекет ету керек еді, – дейді полиция қызметкері.
Қажетті құтқару шаралары жүргізіліп жатқанда, балконда ілініп тұрған қыз жерге құлап түсті. Бұл ретте төменде қалған Алмат Әмірханов осы жағдайға дайын болды.
– Мен оның құлап жатқанын көргенде, тез арада шешім қабылдадым. Себебі,мұндай биіктіктен құлау адам өміріне үлкен қауіп. Соққы қатты болды, әрине, денеме ауыр тигенін сезіндім. Бірақ мен құлаған қыз үшін қатты уайымдадым. Адамдар дереу жедел жәрдем шақырып, қыздың ауыр жарақаттан аман екенін естіген кезде мен қатты қуандым. Менің ойымша, бұл жақсы физикалық дайындықтың арқасында, өйткені әріптесім екеуміз үнемі жаттығамыз, спорттық форманы сақтаймыз. Себебі, біз әртүрлі күтпеген жағдайларға тап боламыз, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Бұдан басқа, Ішкі істер министрі қойған міндеттерді іске асыру үшін «Қадамдық қолжетімділік полициясы» қағидатын іске асыру шеңберінде полицияның барлық жасағының әрбір қызметкері оқиға орнына дереу келе алатындай етіп қайта орналастырылды. Бұл күні солай болды.
– Қоңырау келіп түскен кезде біз екі минут ішінде оқиға орнына бардық. Бұл жедел әрекет етуге және жағдайды лезде бағалауға септігін тигізді, – деді полиция қызметкері.