Полиция қызметкері Тәуелсіздік мерекесіне жыр тарту етті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде қызмет ететін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алған жылы дүниеге келген Манас Қазанғапов Тәуелсіздікке өлең арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік – мәңгі мақтан ұраным
Мен өлеңмен ашайын сөздің басын,
Тәуелсіздік- мына менің құрдасым.
Жырламауға еш хақым жоқ бұл жайлы,
Мың тоғыз жүз тоқсан бірде туғанмын.
Тәуелсіздік- мәңгі мақсат ұраным,
Қазақ үшін қасиетін ұғамын.
Тиек етіп айтқан әрбір сөзіме,
Алашымның ардақ тұтам тұмарын.
91-де дүние есігін ашқанмын,
Шуағына шомылумен ақ таңның.
Содан бері бақытты өмір көргенім,
Осыменен келіп отыр мақтанғым.
Менің елім батырға бай жан берер,
Салтанаты сәніне де сай келер.
Желтоқсанның құрбандарын еске алып,
Ұрпағына тарих қылып, үлгі етер.
Қасіреттің артқа тастап барлығын,
Артып келет күннен-күнге айбының.
Жылдан жылға өсіп келем мен-дағы,
Тыныш заман, бақыт толы әр күнім.
Желбірет мәңгі көк аспанда туыңды,
Жетелеп алға жігерлі қыз-ұлыңды.
Тәуелсіздік тұрақтасын деп тілеймін,
Елін сүйген Тәуелсіздіктің құрдасы.