Полиция қызметкерлері азаматтарды жол ережесін сақтауға шақырады
Қостанайда полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу мақсатында ауқымды профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала орталығында олар 19 патрульдік автокөліктен ПДД (жол жүру ережелері) деген жазуды құрады.
Флешмобқа ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанттары қатысты. Игі бастама қоғам назарын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігіне аударуға бағытталған.
— Жолдағы қауіпсіздік — бұл тек полицияның міндеті ғана емес, әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігі. Мұндай формат осыны қарапайым әрі көрнекі түрде еске салады, — деп атап өтті Қостанай қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы Әсем Ерденова.
Қала тұрғындары бұл шараға қызығушылықпен қарап, флешмоб сәттерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісті.