Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері мопедті тіркеу жолдарын түсіндірді

Полиция қызметкерлері мопедті тіркеу жолдарын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының мәліметінше, мопедтерді тіркеу және «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу азаматтар арасында сұранысқа ие болып, олардың саны біртіндеп артып келеді.

Мопедті тіркеу үшін мопед иесі немесе оның өкілі келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттама қызметінен электронды түрде алынған құжат;

2. Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген СЖТЖ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар. (Тіркеу алымы – 0,25 АЕК немесе 983 теңге, СЖТЖ беру үшін – 1,25 АЕК немесе 4915 теңге, МТНБ беру үшін – 1,4 АЕК немесе 5505 теңге);

3. ҚР ІІМ 02.12.2014 жылғы №862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес мопедті мемлекеттік тіркеуге өтініш;

4. Техникалық құжат (бар болса) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат;

5. Мопедке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеу іс-шаралары жүргізілгенге дейін мопед иесінің өтініші бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган береді;

6. Көлік құралын тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);

7. Бұрынғы СЖТЖ және МТНБ (бар болса);

8. Меншік иесінің өкілі жүгінген жағдайда келісім немесе сенімхат.

ҚР ІІМ 02.12.2014 жылғы №862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес, мопедті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет 90 минут ішінде көрсетіледі.

Мопедті тіркеу рәсімін орындау үшін қажетті барлық құжаттарды жинап, белгіленген талаптарға сәйкес өтінішті тапсыру жеткілікті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру