Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері Теміртау қаласы тұрғынының екі жыл бұрын ұрланған автокөлігін тауып берді

Теміртау қаласының тұрғыны 2 жыл бұрын ұрланған көлігін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қараша күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қарағанды-Теміртау» бағытындағы тас жолда қызмет атқару кезінде «Ауди-100» автокөлігін тоқтатқан.

Көліктің құжаттарын және агрегаттарын тексеру барысында полиция қызметкерлері автокөліктің 2018 жылдың 2 ақпанында Қарағанды облысының Теміртау қаласынан ұрланғанын анықтады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің аталған көлікті былтырғы жылдың наурыз айында басқа адамнан сатып алғанын анықтады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында ұрланған көлікті сатқан 29 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті автөкөлікті Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласынан ұрлап, кейін сатып жібергенін мойындады.

Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Полицейлерге риза болған көлік иесі алғысын әлеуметтік желіге жариялады.

– Менің ұрланған автокөлігімді тауып берген Қарағанды қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді азаматша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру