Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері заңсыз автокөлік иемденіп алған жүргізушіні ұстады

Гагарин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінін жанында тұрған «Opel Vectra» маркалы автокөлікті белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткен.
Аталған автокөліктің иесі автокөлігінің орнында жоқ екенін байқап, оқиға туралы полицияға хабарлаған.
Шымкент қ. ПД ЖБО-ның қызметкерлері көліктің белгілерін барлық нарядтарға және полиция экипаждарына жедел жолдап, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Патрульдік полиция полкінің және Қаратау АПБ-ның қызметкерлері жүргізушіні анықтап, 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Аталған жайт Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚК-нің 200-бабы бойынша (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) тіркелген.

Тергеу барысында күдікті аталған автокөлік иесінің танысы болып шықты.
    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру