Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері зейнеткерге жаңа куәлік алуға көмектесті

Қостанайлық полицейлер 82 жастағы зейнеткерге жеке куәлік алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық қаласының 82 жастағы тұрғыны Зәуреш Өміртаева денсаулығына байланысты жеке басын куәландыратын құжатты өз бетінше алмастыра алмай, полицейлерден көмек сұраған.

Жеке басын растайтын куәлігінсіз әжей зейнетақысын ала алмаған. Арқалық қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі тобының инспекторлары Жарқын Сағындықов пен Дәулеткерей Байтұрсынов дереу зейнеткердің үйіне барып, құжаттарын ресімдеуге көмектесті.

Полиция қызметкерлерінің көмегіне риза болған зейнеткер оларға алғысын білдірді.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері 37 адамның үйіне барып, құжаттарын ресімдеуге көмектескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру