Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері жағдайы төмен отбасыға көмек берді

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жағдайы төмен отбасыға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының «Конституция» мерекесіне орай Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы полиция қызметкерлерімен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Аталған шара бойынша Сарыағаш ауданының жергілікті тұрғыны жалғыз басты ана, мектеп табалдырығындағы екі бірдей бала тәрбиелеуші, мүмкіндігі шектеулі екендігін ескере отырып, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін тұрғылықты мекен-жайына алып барып берді.

Сондай-ақ отбасы мүшелерімен жеке сұхбат құрды. Әңгіме барысында қаржылай және басқа да көмекке мұқтаж отбасын асырауға қандай қиыншылықтар бар екенін анықтады. Қаржылай және басқа да көмекке мұқтаж Полиция қызметкерлері отанасына қандайда бір мәселе болса полиция бөліміне хабар беруге болатынын, әрдайым көмек беріп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтты.

Жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, шексіз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру