Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады
Талдықорғанда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ЖКО санын азайту бойынша алдын алу шаралары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері облыс орталығының автожолдарында жол апаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр.
Жыл басынан бері Талдықорғанда жол ережесін бұзған 3921 жаяу жүргінші, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындамаған 273 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция жолдарда жағдайды жақсарту бойынша жұмысты жалғастырып, бұзушылықтар санын азайтуға және алдын алуға, сондай-ақ қозғалыстың барлық қатысушысының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бар күшін салып жатыр.
– Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін жол ережелерін қатаң сақтаңыз! Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін ұмытпаңыз, – деді тәртіп сақшылары.