Полиция қызметкерінің бір күні: оқушылармен кездесу
Шығыс Қазақстан облысын Абай мектебінің оқушылары қызметкерлердің жұмысымен танысты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО Абай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейі оқушыларының арасындағы болатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, ескерту жұмыстары ШҚО ПД Абай ауданының полиция бөлімімен ШҚО бойынша ҚАЖД Абай аудандық пробация қызметімен, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицей, КММ ұстаздарымен және Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ерікті қызметкерлерімен бірлесе полиция бөліміндегі уақытша ұстау изоляторымен, крминалистикалық анықтау жұмыстарымен, кинолог және анықтау-тергеу жұмыстарымен оқушыларды таныстырды.
Аталмыш іс-шара оқушылардың арасындағы болатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, ескерту, өсіп келе жатқан жас буынның арасындағы туындайтын қандай да бір құқық бұзушылықты болдырмау, алдын кесу үшін жасалып жатқан игі іс. Оқушылардың өз көзімен қылмыстың қалай ізін кесу, анықтау-тергеу және кинолог мамандарының жұмыстарымен танысулары, полиция бөлімінің бір күнгі күйбің тіршілігінен алған әсерлері мол. Бүгінгі бала-ертеңгі ұлт болашағы.