Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өтті

Түркістан қаласында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерінің саптық байқауы өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамының қызмет өткеруге дайындығы бойынша саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков, оның орынбасарлары мен облыстық полиция департаменті аппаратының жеке құрамы, Жергілікті полиция қызметі және Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында полиция генерал-майоры Қ. Дальбеков полицейлердің жеке куәлігін, жеке нөмірлері бар жетондар мен төс белгілерін тексеріп, тәртіп күзетінің сыртқы түрін нысанды киімнің сәйкестігін бағалады, сондай-ақ патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінің дайындығын тексерді.

Атап өткендей, Түркістан облысы Полиция департаментінде жеке құрамның осындай байқаулары – саптық дағдыны арттыруға, жеке құрам арасында тәртіп пен жарғылық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Тәртіп сақшылары қашанда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін лайықты атқару үшін ұқыпты және жинақы болуға тиіс.

Іс-шара соңында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері салтанатты шерумен өтіп, саптық қадам мен түзетулерді көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру