Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Қызылорда тұрғынына жоғалған телефонын тауып берді

Полиция Қызылорда тұрғынына жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айында Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны ұялы телефонының жоғалғаны жөнінде шағымданған болатын. Шағым түскен бойда жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, полиция қызметкері Мұрат Нағашыбаев оқиға орнына дереу жетті. Тез арада қолға алынған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Телефонын қайта қолына алған тұрғын полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен шапшаңдығына шынайы алғысын білдірді.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы тұрғындарға бағалы заттарына, әсіресе ұялы телефондар мен әмияндарына мұқият болуды ескерте отырып, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру