Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция шекара маңындағы жолдарды қалай бақылайды?

Қарабалық ауданы – Ресей Федерациясымен шектесетін аймақ. Алматы – Екатеринбург жолымен күнделікті жүздеген автокөлік жүріп өтеді. Осы қарбалас трассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азар Нуралиновтың айтуынша, жүргізушілердің ең қауіпті қателігі – қарсы жолаққа шығу. Дәл осы себептен қайғылы жағдайлар тіркеледі.

Жолдағы жағдайдың бақылауын күшейту үшін полицейлер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірге ұшу аппаратын, яғни дрондарды белсенді қолданып жатыр. Аталған құрылғы "Рубеж" бекетінің маңындағы жол белгілерін және тұтас сызықты елемей, фураны басып озған жол талғамайтын көлікті анықтады. Жол ережесін сақтамаған көлік жүргізушісін патрульдік полиция тоқтатып, сот шешімі жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Азар Нуралиновтың сөзінше, соңғы бір айда жеті мәрте дрон ұшырып, осындай үш құқық бұзушылықтың алдын алған.

Полицейлер бейнебақылауды да тиімді пайдаланып отыр. Күн сайын кезекші инспекторлар негізгі учаскелердегі камераларды бақылап отырады. Гагарин мен Заводская көшелерінің қиылысындағы камера жүргізушілердің телефонмен сөйлесуін, қауіпсіздік белдігін тақпағанын, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан заң бұзушылықтарды анықтайды.

Жыл басынан бері камералар арқылы 260-тан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде: 50 жүргізуші – телефонмен сөйлескен, 62 адам – қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 70-і – жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншілер болса, қалған 12 жағдайда жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Полицияның ерекше назарындағы мәселе – заңсыз жолаушы тасымалы. Мамыр айында дәл осы трассада қайғылы оқиға болдв. 10 жолаушыны тиеген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.

Бұл жағдайдан соң полиция жолаушыларды рұқсатсыз тасымалдаумен айналысқан 7 жеке тасымалдаушының қызметін тоқтатты. Барлық көлік айыппұл тұрағына қойылып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қостанайдан Челябіге бағыт алған 7 жолаушысы бар Honda шағын автобусын тоқтатты. Көліктің құжаттары болмағандықтан көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізуші жазаланды.

Жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етудің кешенді тәсілі – дрондарды, бейнекамераларды және профилактикалық рейдтерді қолдану – оң нәтиже беріп отыр.

Қарабалық ауданында полиция департаменті цифрлық технологияларды қолдануды жалғастыра отырып, үздіксіз қозғалыстағы трассалар мен шекара маңындағы аймақтарды бақылауды күшейтпек.

- Басты мақсат – жазалау емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының қауіпсіздігі – басты назарда», – деп атап өтті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру