Полиция шығысқазақстандықтарды жолда сақ болуға шақырады
Шығыс Қазақстан облысының полициясы жолдарда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полициясы тұрғындарға ауа-райының қолайсыздығы туралы ескерту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Ауа райының нашарлауы жағдайында құқық қорғау органдары аса бір қажеттіліксіз, қала сыртына сапарға шықпауға шақырады. Сондай-ақ азаматтарға арнайы қызметтердің ақпараттары мен хабарламаларын мұқият қадағалап, ауа температурасы өзгерген жағдайда дер кезінде хабардар болу ұсынылады.
Полиция қызметкерлері жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жол жөндеу ұйымдарымен бірлесіп, жолдың көктайғақ пайда болуы мүмкін учаскелерінде қардан тазалау және себу жұмыстары жүргізілуде. Барлық шаралар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрметті азаматтар, ауа райы нашарлаған жағдайда жолда сақ болыңыздар. Қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарлардан мүмкіндігінше бас тартып, арнайы қызметтердің барлық ұсынымдарын орындаңыздар. Сіздердің сақтық шараларыңыз бен жауапкершіліктеріңіз жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.