Полиция су айдындарында патрульдеуді күшейтті
Су айдындарындағы демалыс полиция қызметкерлерінің назарында. Күнделікті рейдтер азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салуға көмектеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдау көрсеткендей, жаз мезігілінде су қоймаларында оқыс оқиғалардан қаза табатын балалардың саны артады. Жыл басынан бері 85 адам суға кеткен, оның ішінде 35 бала бар (6 ай ішінде). Қайғылы жағдайлар балаларды қараусыз қалдыру мен суға түсуге жабдықталмаған жерлерде шомылу салдарынан орын алып жатады.
Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
Айта кетейік, заңнамада тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері бұл үшін екі мыңға жуық құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары тұрғындарға арнайы жабдықталған орындарда шомылуға кеңес береді.