Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Полиция тазалық жолында" акциясы: Алматы облысында айналаны қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында қоршаған ортаны ластанудан сақтау, санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау және рұқсатсыз төгілген қоқысты анықтауға бағытталған кең ауқымды "Полиция тазалық жолында" акциясы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейдтік іс-шаралар Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Іле ауданында өтті. Нәтижесінде төрт рұқсатсыз тұрмыстық қоқыс аймағы анықталды. Әрбір дерек бойынша материалдар шара қабылдау үшін экология департаментіне жолданды.

Сондай-ақ тексеріс барысында елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзған 11 дерек тіркелді.

Айта кету керек, бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Әкімдіктер, коммуналдық қызметтер мен басқа да мүдделі құрылымдардың қатысуымен тұрақты түрде жиналыстар, жұмыс кездесулері және үйлестіру кеңестері өтеді. Бұл экологиялық заң бұзушылықтарға бірлесіп және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

– Экологиялық қауіпсіздік – бұл барлығымызға ортақ міндет. Полиция, мемлекеттік органдар мен қоғам бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – бір реттік акция емес, жүйелі жұмыс, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінде.

"Полиция тазалық жолында" акциясы облыс көлемінде әлі де жалғасады. Полицейлер қоршаған ортаны ластаған құқық бұзушылықтардың алдын алып, жолын кесуде күн сайын тынбайды.

Алматы облысының полициясы барша тұрғынды экологиялық және санитарлық талаптарды сақтауға, қоқысты рұқсат етілмеген жерге төкпеуге және туған өлкенің тазалығы үшін бірлесе атсалысуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру