Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция туристің шағымын тексерді

Туристің жазбасына байланысты тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілде күні саяхатшы әйел әлеуметтік желідегі парақшасында патрульдік полиция қызметкерлерін сынға алған жазба жариялады. Аталған жазбаға байланысты Алматы облысының полиция департаментінде бірден қызметтік тексеру басталды. Ішкі істер министрлігінің өкілдері жазба авторымен байланысқа шықты. Әйелдің айтуынша, жазбада келтірілген уәждер тек таныстарының сөздеріне негізделген, ал оларды дәлелдейтін ешқандай нақты материал ұсынылмаған.

- Сонымен қатар қосымша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде жазбада айтылған деректер расталмады. “Полиция қызметкерлерінің әрекеттері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы іс-шаралар аясында жүзеге асырылған. Ішкі істер министрлігі қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін және ондай жағдайлар болса, дереу әрі қатаң түрде шара қолданылатынын атап өтеді”, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Өзінің парақшасында турист Қазақстан тарапынан көрсетілген ашықтық пен қонақжайлыққа, сондай-ақ ІІМ қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне ризашылығын білдіріп, жылы пікір жазды.

- Қазақстанда әлеуметтік желілердегі кез келген өтінішке өте байыппен қарайтынына және бірден тексеру басталғанына таңғалдым… Ең қуантқаны – барлық қызметкер сыпайы, түсіністікпен қарап, жағдайды анықтауға және көмектесуге шын ниетпен тырысты, – деп жазды саяхатшы.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі ел аумағындағы әрбір адамның құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау – басты басымдық екенін атап өтті. Ведомство қоғаммен ашық диалог жүргізуге дайын екенін және шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шараларды күшейтіп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру