Полиция үйде есірткі қолданғандарды да жазалайтын болды
Полиция тіпті үйде есірткі қолданғаны үшін жазалайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин есірткі заттарын қолдануға қатысты заңнамалық жаңалықтар туралы есеп беру кездесуінде айтты.
Осы жылдың 13 наурызынан бастап есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа түзетулер күшіне енді. Енді есірткі қолдану үшін жаза тек қоғамдық орындарда емес, тіпті үйде де заңсыз заттарды қолданғаны үшін де қолданылады.
- Жауапкершілікке тарту үшін, бір ай бұрын қолданған адамның қанында немесе зәрінде есірткінің бар-жоғын анықтау жеткілікті, — деді Ерлан Файзуллин.
Ол сондай-ақ өңірде қазіргі уақытта 17 адам жауапкершілікке тартылғанын айтты. Полиция қызметкерлері Қостанай қаласында үйде есірткі қолданған 9 жағдайды анықтаған. Бұл фактілер жол-көлік оқиғасына түскен жүргізушілерді куәландыру кезінде және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді тоқтату кезінде анықталған.
Қарабалық ауданында жұбайы күйеуінің есірткі қолданғаны туралы хабарлаған жағдай тіркеліп, бұл медициналық куәландырумен расталды. Тағы бір оқиға күдікті ер адам аудан орталығының бір көшесінде тоқтаған кезде анықталды. Сараптама оның зәрінде каннабиоидтардың болуын көрсетті.