Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция ұйымдардың қызметтік және спорттық қаруды сақтау тәртібін тексеруде

Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік әрі спорттық қарудың айналымына қатаң бақылау орнату мақсатында “Қызметтік қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұйымдардың қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, сақтау, алып жүру, есепке алу, беру және пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтауын тексеру.

Тексеру барысында қару сақталатын үй-жайлардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, бейнебақылау жүйелерінің болуы мен жарамдылығына, сондай-ақ олардың полиция жүйелерімен интеграциялануына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған қару түрлерін анықтау, ұйым басшылары мен қызметкерлерін, спортшыларды және қарумен жұмыс істеуге рұқсаты бар тұлғаларды, оның ішінде психонаркологиялық есепте тұрған-тұрмағанын тексеру көзделген.

— Іс-шараның басты міндеті – тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар қызметтік және спорттық қарудың айналымына байланысты ықтимал қауіптердің алдын алу. Біз қаруды сақтау және пайдалану талаптарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексере отырып, ұйым қызметкерлері мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейміз, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Анықталған барлық заң бұзушылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып, тиісті жауапкершілік шаралары қолданылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру