Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жасанды интеллект қауіптері туралы ескертеді

Түркістан облысы полиция департаменті жасанды интеллект технологияларын қылмыстық ортада пайдалану қаупі артып отырғанын ескертеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда алаяқтар ЖИ көмегімен жалған бейне мен дауыс (deepfake) жасап, азаматтарды алдау әрекеттерін жүзеге асыруда. 

Сонымен қатар банк қызметкері немесе мемлекеттік орган атынан сөйлейтін чат-боттар арқылы жеке деректерді иемдену оқиғалары жиілеп келеді.

Жасанды интеллект негізінде дайындалған жалған жарнамалар, инвестициялық жобалар мен интернет хабарландырулар азаматтарды қаржылық шығынға ұшыратуда.

Сондықтан полиция тұрғындарға ескертеді:

— Бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеңіз;

— Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;

 — Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз;

 — Қауіпті жағдай туындаса, “102” нөміріне хабарласыңыз.

Жасанды интеллект – заман талабы. Бірақ оны қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі де бар. Сол себепті азаматтар қырағы болып, сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру