Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жастарды құқық қорғау органдарына оқуға түсуге шақырады

Полиция жастарды құқық қорғау органдарына оқуға түсуге шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында полицейлер шаһардың жеті жетекші жоғары оқу орнында өткен диплом тапсыру салтанатты рәсімдеріне қатысып, түлектерді жоғары оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтады. Кездесулер аясында жас мамандарға полицей мамандығының маңыздылығы мен беделі, сондай-ақ ішкі істер органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Түлектерге олардың білімі мен дағдылары ІІМ жүйесінде ерекше сұранысқа ие екені ескертіліп, Алматы полициясы қатарын толықтыруға шақырылды.

— Бүгін біз еңбек жолының басында тұрған жас заңгерлерге үндеу жасап отырмыз. Полиция – қоғамға қызмет етуге, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге дайын жандардың жолы. Алматыға жаңа кәсіби әрі идеялы кадрлар қажет. Біз түлектерді біздің ұжымға қосылуға және бірге қауіпсіз болашақ құруға шақырамыз, - деді Алматы қалалық ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Нариман Батаев.

Департамент полицияға қабылдау жалғасып жатқанын еске салды. Отанға адал әрі шынайы қызмет етуге дайын азаматтар аудандық полиция басқармаларына жүгінуіне болады.
Байланыс телефондары:
• Алматы қалалық ПД, жеке құраммен жұмыс басқармасы – 8 708 067 6869
• Алатау ауданы – 227 5505
• Алмалы ауданы – 254 4604
• Әуезов ауданы – 298 5344
• Бостандық ауданы – 254 4708
• Жетісу ауданы – 254 4905
• Медеу ауданы – 254 4805
• Наурызбай ауданы – 254 4466
• Түрксіб ауданы – 298 5455
• Метрополитендегі полиция басқармасы – 227 5668
• Патрульдік полиция полкі – 254 4537
• Арнайы ПП батальоны – 254 4567

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру