Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақырады

Павлодар облысының полицейлері жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін елемеген 6 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. 

– Қарбаласқа толы жұмыс күндерінде немесе демалыс кезінде де жолдағы тәртіпті сақтау – өзіңнің қауіпсіздігіңнің кепілі екенін естен шығармауымыз керек. Жолда болып жатқан жағдайлардың бәріне біз – әрбір азамат жауаптымыз. Бұл жауапкершілік тек жүргізушілерге ғана емес, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де жүктеледі, – дейді тәртіп сақшылары.

Полиция жолдан өтер кезде барынша сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру