Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жоғалған ШҚО тұрғынын тапты

Полиция жоғалған ШҚО тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурызда Ұлан ауданының полиция бөліміне Желдіөзек ауылының тұрғыны қоңырау шалып, жоғалып кеткен күйеуін іздеуге көмек көрсетуін сұраған. Әйелдің айтуынша, психикалық ауруы бар ер адам кешкі уақытта үйінен шығып, қайта оралмаған.

Кезекші инспектор дереу арызды тіркеп, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу тобына жедел тергеу қызметкерлері, кинологтар мен қызметтік иттер, криминалдық полиция мамандары, учаскелік инспекторлар, Аблакет ауылдық округінің әкімі Арсылан Ағланбеков және ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Жоғалған азаматтың жағдайы мен түнгі уақытта іздеу жұмыстарының қиындығын ескере отырып, арнайы дрондар мен қолға ұстайтын жылу камералары пайдаланылды. Ауылдық округте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан учаскелік инспектор Мирас Тоқтаров жергілікті жерді жақсы білетін маман ретінде айтарлықтай көмек көрсетті.

Іздеу басталғаннан 13 сағат өткен соң, полиция қызметкері М. Тоқтаров пен әкім А. Ағланбеков ер адамды ауылдан 7 шақырым жердегі орман жиегінде тапты. Ол қатты абыржып, бағытынан жаңылған күйде болған. Полицейлер оны сабырға шақырып, аман-есен үйіне жеткізді.

Құқық қорғау органдарының, жергілікті биліктің және ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жоғалған азамат аман-есен табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру