Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде жастардың контент үшін жол ережесін саналы түрде бұзу жайттары кездеседі. Біреудің денсаулығына, тіпті өміріне қауіп келтіретін әрекетті хайппен де, лайкпен де ақтауға болмайды.

Шымкентте республика көлемінде өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында осындай оқиға анықталды. Көлік кортежі "ерекшеленуге" тырысып, жол жүру қағидаларын өрескел бұзған. Мұның бәрі интернетте танымал болу үшін жасалғаны белгілі болды. Алайда кортеж қатысушылары әлеуметтік желідегі қаралымның орнына хаттамалар арқалады: жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдағы құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы анықталып, қайғылы салдардың алды алынды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру