Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл полиция Павлодар облысының аумағында жол жүру ережелерінің 47 мыңға жуық құқық бұзушылықтарының жолын кесті. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол ережелерін бұзу көбінесе жолдағы қайғылы оқиғалардың себептерінің бірі болып табылады.
Павлодар облысы Полиция департаментінің жүргізушілері мен жаяу жүргіншілеріне арналған бірнеше кеңестер:
Жүргізушілерге:
- Белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтаңыздар
- Жаяу жүргіншілерге мұқият болыңыздар, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, аялдамалардың, аулалардың жанында жылдамдықты төмендетіңіздер.
- Рөлде гаджеттерді пайдаланбаңыздар.
- Жол қозғалысына қатысушыларды құрметтеңіздер.
- Қашықтықты сақтаңыздар.
- Жол жүру ережелерін үнемі қайталаңыздар, сонда сіздер әрқашан жолдағы жағдайға дайын боласыздар.
Жаяу жүргіншілерге:
-Жолды тек белгіленген жерде, тек бағдаршамның жасыл сигналына өту қажет.
- Телефонға және басқа гаджеттерге алаңдамау қажет, жолдан өту кезінде құлаққапты шешіңіздер.
- Қараңғыда мұқият болыңыздар.
- Жолдың жанында жүгірмеңіздер.
Естеріңізде болсын, жол қозғалысының әрбір қатысушысы өз өмірі мен денсаулығына жауапты. Жол жүру ережелерін бұзу айыппұлдарға ғана емес, сонымен бірге әркім үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Осы қарапайым ережелерді сақтау және басқа көлік қозғалысына қатысушыларды құрметтеу жол қауіпсіздігін едәуір жақсартады және апаттар санын азайтады.