Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларын талдау осы жылдың бес айында елордада жол-көлік оқиғаларының өскенін көрсетті. Көбінесе жүргізушілердің кінәсінен жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларда жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасы жиілеген.
Мәселен, өткен жылдың тамыз айында Chevrolet Cruze автомобиль жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, оң жақ шеткі жолаққа қатар ауыстыру кезінде ілеспе бағытта келе жатқан Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін Chevrolet Cruze жүргізушісі тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі іс-әрекетінің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жолда келе жатқан Kia Rio автокөлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды.
Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, олардың қорытындысымен жүргізуші келіспеді. Осыған байланысты оның өтініші бойынша қосымша сараптама тағайындалды.
Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісіне қатысты абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.