Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жүргізушілерді жол үстінде барынша мұқият болуға шақырады

Полиция жүргізушілерді жол үстінде барынша мұқият болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысының жолдарында жол-көлік оқиғалары жалғасуда.
Мәселен, 15 ақпанда Көкшетау қаласының полициясына Звоночек аялдамасының жанында жаяу жүргіншіні соғып кеткены туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Hyundai Accent көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жолдан өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдын ала анықталды.
Зардап шеккен студент ауруханаға сынықпен жеткізілді.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ЖКО жиілеп кетуіне байланысты Ақмола облысында апаттылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды “Қауіпсіз жол” республикалық акциясы басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру