Полиция жүргізушілерді жолда қырағы болуға шақырады
Қолайсыз ауа райында полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарады. Олардың міндеті — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары енгізілген уақытша шектеулердің сақталуын бақылайды, көлік тізбегіне жол бастап жүреді, қиын жағдайда қалған жүргізушілерге көмек көрсетеді, қар құрсауында қалған көліктерді эвакуациялауға көмектеседі.
Сонымен қатар полиция жол жамылғысын тазарту, қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету және қиын метеорологиялық жағдайда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты үйлестіру арқылы коммуналдық қызметтермен бірге әрекет етеді.
Полиция жүргізушілерді қырағылыққа, жылдамдық режимін сақтауға және ауа райын ескеруге шақырады. Төтенше жағдайда дереу полицияға немесе жедел әрекет ету қызметіне хабарласу қажет.
