Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жүргізушіні екі рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартты

Полиция жүргізушіні екі рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана – Қорғалжын автожолының 15-ші шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көліктің терезелері күңгірттелгеніне күмәнданып, тексеру жүргізді. Полицейлердің күдігі расталды – бұл көлікке терезесін күңгірттеуге заңмен мүлде тыйым салынған.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің көлік басқаруға ешқашан құқығы болмағаны анықталды. Ол көлікті жақында ғана сатып алғанын, ал терезелердегі күңгірт қабаттың ережеге қайшы екенін білмегенін айтты.

Алайда полиция қызметкерлері заң талаптарына сәйкес жүргізушіге екі әкімшілік хаттама толтырды:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша – көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша – жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін.

Айта кету керек, жыл басынан бері көлік құралын құқықсыз басқарған 300-ге жуық жүргізуші анықталса, көлік пайдалану талаптарын бұзған 4 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде көліктердің терезесін күңгірттеу талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің болуын басты назарда ұстауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру