Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияда қызмет ететін ерлі-зайыптылар таныстығы жайлы айтып берді

Полицияда қызмет ететін ерлі-зайыптылар таныстығы жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полиция басқармасында қызмет ететін ерлі-зайыптылар көп. Солардың бірі – полицияда 10 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Нөке жұбы. Руслан Нөке 2009 жылы Ақтөбе заң колледжін бітірген соң Оңтүстік полиция бөліміне учаскелік полиция қызметкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда осы бөлімде аға жедел уәкіл лауазымында қызметін жалғастыруда. Осы жерде ол жан серігі Әсемгүлді кездестірді.

Алматы академиясында білім алып, 2014 жылы ішкі істер органдарына қызметке келді. Еңбек жолын Оңтүстік полиция бөлімінде тергеуші болып бастап, 2017 жылдан бастап аға тергеуші қызметін атқаруда.

– 2014 жылдың жазында біз жедел-тергеу тобында тәуліктік кезекшілікке бірге түстік, осылайша танысқан болатынбыз. 2018 жылдың қыркүйек айында үйлендік, Әлихан есімді 3 жасар ұлымыз бар, – дейді Әсемгүл.

Жұмыстарының тығыздығына қарамастан Руслан мен Әсемгүл демалуға да уақыт табады. Олар туыстары мен жақындарының ортасында ашық ауада уақыт өткізуді жақсы көреді. Нөке отбасы кішкентай қадамдарымен үлкен, тамаша болашаққа қарай қарқын алып келеді. Олар өте жауапты және саналы қызметкерлер және әріптестері арасында құрметке ие.

Ерлі-зайыптылар жасаған таңдауларына адал – ол Отанға деген қызмет. Ерлі-зайыпты полицейлер өздерінің кәсіби мерекелері қарсаңында барша отбасына мейірімділік, түсіністік пен келісім тілейді.

– Ата-аналарыңызды бағалаңыздар, қамқор болып, бір-біріңізге қамқор болыңыздар. Өйткені, әр адамның өміріндегі ең бастысы – әрқашан отбасы болып қалатынына полиция жұбы сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру