Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Полициядан хабарласқан»: алаяққа сенген жетісулық тұрғын 2,7 млн теңгесінен айырылды

Жетісу облысының 53 жастағы тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, екінші деңгейлі банктен несие алып, 2,7 млн теңгеден айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұл дерек Қаратал ауданында тіркелді, 20 тамызда жергілікті тұрғын полиция бөліміне алаяқтық арқылы ірі ақша қаражатын ұрлап кеткен белгісіз адамдарға шара қолдану туралы арызбен жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтар оған WhatsApp мессенджерін пайдалану арқылы ұялы телефонға қоңырау шалып, өзін жоғары дәрежелі полиция қызметкерлері ретінде таныстырғанын түсіндірді. Жалған полицейлер әйелдің жеке мәліметтерін ірі көлемде ақшалай несие алу үшін пайдаланды деген алаяқтар тобына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқандарын айтты.

Сенімге кіру үшін, WhatsApp желісі көмегімен жәбірленушіге құқық қорғау ведомствосы қызметкерінің жалған куәлігін, сондай-ақ міндетті суреттері, мөрлері және аймақтық полиция бөлімшелерінің бірінің басшысының қолы қойылған бірнеше құжатты көрсетті.

– Алаяқтар жәбірленушіні өз сөздерінің дұрыстығына сендіріп, оны банктен үлкен несие алуға және олар көрсеткен шотқа жіберуге мәжбүр етті. Қазіргі таңда біз ақша қаражатының жолын қадағалауға тырысып жатырмыз. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев. 

Ведомство жұртшылыққа қырағылық пен сақтық туралы өтінішпен жүгінді.

– Құрметті азаматтар! Сізге күмәнді қоңырау келіп түскен жағдайда олармен байланысты үзіңіз. Сізге қызмет көрсететін банкпен дереу байланысуыңыз керек немесе 102 дабыл желісіне қоңырау шалыңыз, – деп толықтырды облыстық полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру