Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның заманауи 2 стационарлық бекеті қолданысқа берілді

СҚО-да Жаңа жыл қарсаңында полицияның заманауи екі стационарлық бекеті қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың полицияның кешенді күштерінің соңғы гарнизондық таратуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевпен бірге қызметтік автокөлікті аралап, облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға түсетін жеке құрамға сәттілік тіледі.

– …Биылғы жыл бәріміз үшін оңайға соқпады, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау кезінде ерекшеленген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Коронавирустық инфекциямен күрес кезінде полицейлер алдыңғы шепте тұрып, тәулік бойы қызмет атқарды, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қолжеткізгені және жеке тәртібі үшін бірнеше полиция қызметкері марапатталды. Полицейлер облыс әкіміне Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан модульдік үлгідегі стационарлық бекетті көрсетті. Шыныдан жасалған аралық қабырға мен витражды терезе полиция жұмысын ашық та айқындай түседі. Мұнда патрульдік, ювеналдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспектор қызмет етеді.

– Жұмыстың сервистік моделіне көше отыра, біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттермен ғана шектелмейміз. Қолжетімділік, шұғыл, жедел әрекет ету көмек көрсетудің кез келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай заманауи алаңдар “халыққа жақын полиция” қағидаты бойынша жұмыс істеудің іргетасы болып табылады, – деп тоқтала отыра полиция ведомствосының басшысы облыс әкіміне ақпарат берді.

Стационарлық бекеттер іші мен сыртына тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Камералардағы бейнежазбаны Петропавл қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығы онлайн режимінде көре алады. Модульдің техникалық жабдықталуы барлық заманауи талаптарға сай жасалған. Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон және дабыл кнопкасы орнатылған. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкері мен учаскелік полиция инспекторының қолында бейнетіркегіштер мен планшеттер бар. Мұндағы кезекшіліктегі полиция қызметкерлері адамдар жиі көмекке жүгінеді дейді. Бекеттер адамдар көп жүретін орталық саябақтың кіре берісіне және “Сити-молл” сауда үйінің маңында орналасқан. Көңіл көтеретін орындар да осы жерде. Бекеттің болғаны қала тұрғындарын тәртіпке шақырады, сонымен бірге олар өздеріне қажетті көмекті тез ала алады. Заманауи стационарлық бекеттерді орнату – бұл солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігі мен полицияның халыққа қызмет көрсетуінің сервистік моделін қамтамасыз етуде атқарушы билік тарапынан қамқорлық көрсетудің тағы бір дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру