Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Постта Өзбекстанның үш азаматы ұсталды

Карантинде Алматыға кіргісі келген үш Өзбекстан азаматы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтудің жолын кесу фактілері жалғасып жатыр.

«Жақында Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Бурундай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдайды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және әкімшілік қамауға алды», – деп хабарлады Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру