Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Президенттік көпсайыстан тәртіп сақшылары жүлделі орындарға ие болды

Елордалық полицейлер тағы да үздіктер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірқатар халықаралық, әлемдік спорттық жарыстарда елордалық жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері еліміздің намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Осы жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Қырғызстан республикасын Ыссықкөл облысы, Сарыой қаласында Президенттік көпсайыстан чемпионат өткен болатын. Әлем Кубогінің жазғы чемпионатында 3 және 4 сайыс түрлері бойынша Қазақстан құрамасы үздіктер қатарынан көрінді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары Мусабеков Избасар – командалық 4 сайыс бойынша II орын, ал Ибрашов Айхат – командалық 3 сайыс бойынша II орынды иеленді.

Аталған чемпионатқа әлемнің 7 мемлекетінен 70 спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Сонымен қатар 5-8 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата қаласында Президенттік көпсайыс өтті. XXIV Халықаралық Ыссықкөл спорт ойындарында жеңіл атлетика Мусабеков Избасар – 60 метр қашықтыққа жүгіруден III орын иеленді. Бұл додаға 5 мемлекеттің 80 спортшысы қатысып, үздік нәтижелерін көрсетті.

Полиция жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері халықаралық аренада жоғары дайындық пен мықты спорттық шеберлікті дәлелдеп қана қоймай, Қазақстанның көк байрағын биікке көтерді. Олардың жеңісі – елордалық полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық тәртіпті қорғауда ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында да биік белестерді бағындыра алатынын айғақтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру