Приозерск полиция бөлімінің қызметкері «Жылдың үздік анықтаушысы» атағын иемденді
Приозерск полиция бөлімінің қызметкері Қуаныш Ысқақов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қорытындысы бойынша «Ең үздік анықтаушы» деп танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қуаныш Ысқақов еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласындағы патрульдік полиция батальонының полицейі болып бастаған. 2007 жылы ол Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясына оқуға түседі. Оқуды үздік аяқтаған жас түлек Приозерск полиция бөліміне анықтаушы болып тағайындалады.
Бүгінгі күні тергеу органдарында көп жылдық тәжірибесі бар аға анықтаушы Қ.Ысқақов өзінің тәжірибесімен жас мамандармен бөліседі. Жауапты, еңбекқор полицей әрдайым алдыңғы шепте қызмет атқарады.
Жуырда Қуаныш Ысқақов 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ең үздік анықтаушысы» деп танылды. Тергеу департаментінің басшылығы қарағандылық полицейдің жұмысын жоғары бағалап, қылмыстық істерді тергеудегі сапалы жұмысын ерекше атап өтті.