Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Приозерскіде тұрғын сатушыны алдап, қымбат букетті алып кетті

Алаяқ сатушыны алдап, бір букет гүл алып, оны Приозерскідегі құрбысының туған күніне сыйлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Қарағанды облысы Приозерск қаласының полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші кәсіпкер екенін, гүл сатумен айналысатынын айтты. Екі күн бұрын сауда орнында бір келіншек келіп, 51 гүлден тұратын үлкен букетке тапсырыс беріп, жақын арада төлейтініне уәде етіп, гүлді өзімен бірге алып кеткен. Бірақ клиент белгіленген мерзімде ақшасын төлемей қойған. Гүлдің шығыны 50 мың теңгені құрады. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ауыл округтерінің бірінің 39 жастағы тұрғынын ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру