Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді

Пробация есебіне қойылған сотталған азамат небәрі екі ай ішінде жазаны өтеу шарттарын 7 рет бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйегінде сотталған азамат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Солжағалау аудандық пробация қызметіне есепке қойылған. Оған сот үкімімен біреудің мүлкін ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

– Сотталған адам жазасын өтеуден жүйелі түрде жалтарып, өзін теріс жағынан көрсетті. Ол екі ай ішінде төрт рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген, пробация қызметіне тіркеуге келмеген, сондай-ақ пробация қызметінің рұқсатынсыз қаладан тыс жерге шығып кеткен, – деді Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкері Гүлден Аипова.

«Тексеру» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде жоғарыда аталған сотталған азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.

Нәтижесінде сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру