Пробация қызметі жандануда
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Әуезов ауданының пробациялық жұмысына пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адам көмек сұрап жүгінді. Ол жеке куәлігінен айырылғанын және пробация қызметінен басқа кімнен көмек сұрайтынын білмейтіндігін айтты.
Әуезов аудандық пробация қызметінің қызметкерлері көмек сұраған азаматшаның барлық мәселелерін нақтылап, оның құжаттарын ретке келтіруге көмектесті.
Бірінші кезекте Семей қаласы ІІБ Орталық ПБ-не жеке куәлігінің жоғалғаны туралы өтініш беруге жәрдем берілді. Содан кейін әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалып, Семей қаласының халыққа қызмет көрсету орталығына жіберілді.Жеке куәлікті қалпына келтіруге өтініш қабылданған соң, уақытша жеке куәлік берілген.
Көрсетілген көмек үшін азаматша алғысын білдірді. Барлықтарына зор денсаулық пен жұмыста үлкен жетістіктер тіледі.
Пробация қызметінің мамандары күн сайын қылмыс жасаған және сол санаттағы адамдармен кездеседі. Кейде қылмысқа күнделікті жағдай итермелейді.
Пробация қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында тағы бір адамға көмек көрсетілді.