Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қостанай облысы Амангелді ауданының пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға сот үкімімен белгіленген мінез-құлық ережелері туралы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Амангелді аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған азаматтар арасында карантин талаптарын сақтай отырып, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын орындау, азаматтардың өздерін қоғамдық орындарда ұстау ережелері және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл көлемі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жаза өтеу тәртібін, сонымен қатар өздеріне сот үкімімен белгіленген талаптарды бұзбау туралы айтылды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жергілікті полиция қызметкерлері және пробация қызметкерлері тарапынан жауаптар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, бірлескен тәрбие жұмыстары жүргізіле бермек.