Пробация қызметкерлері игі іс жасады
Жаңақорған ауданының пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1992 жылы 3 желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялады.
3 желтоқсан күні Жаңақорған аудандық пробация бөлімшесінің қызметкерлері пробация есебінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетті.
– Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Қайырымдылық жасау үшін бай болудың қажеті жоқ, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Пробация инспекторлары нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді, – деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Манарбек Искаков.