Пробация қызметкерлері марапатталды
Қызылорда қаласында «Pro bono» қоғамдық қоры Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлерімен бірлесе атқарған жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, пробация қызметінің қызметкерлері, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемесінің басшылары және облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды бейімдеу орталығының өкілдері қатысты.
Қоғамдық қордың директоры П.Горбачев пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтендіру және қайта оңалту мақсатында бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің бастықтарын, облыстық ҚАЖД пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекоры Бақыт Изенбекқызын және Қызылорда қалалық пробация қызметі, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық пробация қызметтерінің бастықтарын алғыс хаттармен марапаттады.
2020 жылдың тамыз айынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе қоғамдық қор директоры алдағы уақытта да бірлесе іс-шаралар атқарылатынын жеткізіп, қатысушыларға алғысын айтты.