Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері қан тапсырды

 Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметкерлері қан тапсырды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде жеке құрам арасында жедел қан құюға мұқтаж науқастарға көмек көрсету туралы ауызша сауалнама жүргізілді.Қызметкерлер басшылықтың ұсынысын толық қолдады.

 

Нәтижесінде пробация қызметкерлері барлық қажетті медициналық тексеруден өтіп, қан тапсырды. Айта кету керек, пробация қызметкерлері Қазақстанда донорлықты дамыту ісіне тұрақты түрде өз үлесін қосып келеді және қазіргі уақытта донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмек көрсетеді.

Донорлар олардың осындай іс-шараларға қатысуы тағы бір адам өмірін құтқаруға көмектеседі деп үміттенеді. Полиция қызметкерлері тек өңір үшін ғана емес, ел үшін де жарты литр донорлық қанға мол үлес қосты.

 

Қан тапсыру донордың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді.Керісінше,қанның белсенді жаңаруына, жүрек-қантамыр жүйесі мен ішкі органдардың жұмысын жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру