Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация талаптарын орындамаған Ақсу тұрғыны қамауға алынды

Пробация талаптарын орындамаған Ақсу тұрғыны қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта көпқабатты үйдің кіреберісінде басталған қарапайым сөзталас екі ер адамның төбелесіне ұласқан. Жанжал кезінде олардың бірі жарақат алып, дәрігерге жүгінген. Медициналық сараптама денсаулыққа келтірілген зиянды орташа ауыр деп бағалаған.

Сот оқиғаның мән-жайын ескере отырып, құқық бұзушыға қатаң жаза қолданбады. Оның орнына 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындап, түзелуге мүмкіндік берген. Алайда ер адам бұл міндетті орындамаған: жұмысқа да бармаған, талаптарды да сақтамаған.

Құқық бұзушылықтар қайталана берген соң, пробация қызметі сотқа жазаны өзгерту туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде сот шешімімен құқық бұзушы 24 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру