«Профилактикалық бақылау» іс-шарасы: Павлодарда 5 адамға қатысты сотқа ұсыныс жолданды
Павлодарда бес адамға қатысты сотқа ұсыныс жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 ақпанда Павлодар қаласының соты Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторының бұрын сотталған облыс орталығының тұрғынына қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысын қарастырды.
– Ер адам бірнеше рет қоғамдық тәртіпті бұзған. Өткен жылы ол қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін екі рет жауапқа тартылды. Сот барлық материалдарды қарап, ер адамға қатысты алты ай мерзімге әкімшілік қадағалау беріп, шектеу қойды. Енді қала тұрғынына тұрғын үйден сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін шығуға, алкогольді ішімдіктерді ішуге, дәмханаларға, мейрамханаларға және алкогольді ішімдіктерді пайдалануға байланысты басқа да ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады. Сонымен қатар, ер адамға ІІО-ны және бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларды хабардар етпей, жеке және қызметтік істер бойынша Павлодар қаласынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынады, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Тілеулин.
Полиция аталған материал ағымдағы жылғы 7-13 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілетін «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде сотта қаралған.
Марат Тілеулин Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің аумағында 431 адам есепте тұрғанын атап өтті.
– Учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзғаны және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында, соның ішінде әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін бұзушылықтарды анықтады. ҚР ӘҚБтК 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін алты азамат жазаланды. Бес адамға қатысты сотқа ұсыныс жолданды, онда екі адамға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату алынып тасталды, ал үшеуіне әкімшілік қадағалау берілді, – деп толықтырды Марат Тілеулин.