Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайтарымсыз ақша: Келесте тұрғынды алдаған алаяқ анықталды

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап, ақша алған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде алаяқтық қылмысы кең таралуда. Ал, тәртіп сақшылары аталмыш қылмыстың алдын алып, болдырмауда, алаяқтарды ұстауда қарқынды қызмет атқарып келеді.

Мәселен, мына жайтта алаяқ өзін белгілі қызметкер ретінде таныстырып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз ақша алып беремін деп, тұрғыннан 500 мың теңге алып, қалтасына басқан.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, сырттай танысы кәсіпкерлерге арналған грантты жеңіп бес миллион теңге алып беретінін айтқан. Грантты жеңіп алу үшін алдын ала кәсіпкерлікке ақша құю керек деп, тұрғыннан 500 мың теңге алған. Алайда бір айдан астам уақыт өтсе де, ешқандай нәтиже шықпаған. Алаяқ не көмек ақшаны шығарып бермеген, не тұрғынның өз ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты жергілікті мекенжайынан ұстап бөлімшеге жеткізді. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тұрғынға жалған ақпарат беріп сеніміне кірген. Сондай-ақ күдікті азаматтың бұрын кәсіпкерлікте жұмыс істегені белгілі болды. Сонымен қатар, ер адамның бұл қылмыстық іс-әрекетпен шектелмей, тағы басқа да азаматтардан дәл осындай алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 500 мың теңгені құрады.

Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдыры жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері кезекті рет ескертеді: алаяқтардан әрдайым сақ болыңыздар! Олар өз олжасына қол жеткізу үшін, түрлі айла-амалдарды қолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру