«Қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін»: Кентау тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды
Түркістан облысының полицейлері қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп бірнеше іске қатысы бар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда алаяқтық бойынша түскен шағымдар азаяр емес. Бұл – қоғамның басты дерті іспетті. Ал қоғамда орын алып жатқан түрлі қылмыстар тәртіп сақшыларының әрдайым назарында.
Кентау ҚПБ-ға екі әйел арызданды. Олардың айтуынша, таныс әйел әбден сенімге кіріп, мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы әперемін деп сендірген. Соның нәтижесінде жәбірленушінің әрқайсысынан 250 мың теңге көлемінде ақша алған. Жалпы шығын 500 мың теңгені құрайды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, тергеп-тергеу амалдары жүргізілді.
Кентау қаласының полицейлері осы жайтты ашу мақсатында куәлардан жауап алып, қажетті шараларды атқарды. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.