Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қала тазалығы полицейлердің назарында

Павлодарда дүкен иесі тазаланбаған аумақ үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері қаланың абаттандырылуын бақылау, оның ішінде іргелес аумақты қар мен мұздан уақтылы тазартуды тексеру бойынша рейдтер өткізеді.

Тексеру барысында облыс аумағындағы түрлі ұйымдардың, дүкендердің, дәмханалардың, базарлардың аумағы қамтылады.

Мысалы, 19 қарашада сауда үйінің алаңын және оған іргелес аумақты тиісінше тазалауды қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қаланың сауда үйлерінің бірінің иесіне қатысты хаттама толтырылды, – деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру